Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығы.
2020 жылғы 24 ақпандағы өзгертулер мен толықтырулармен бірге Электр энергиясын жеткізудің үлгілік шартын бекіту туралы.
Заңды тұлғалармен электрмен жабдықтау шартын жасау.
Тұтынушымен электр энергиясын жеткізу шартын жасасу үшін Энергия беруші ұйым келесі құжаттарды ұсынады:
a)кондоминиумдар құрамына кірмейтін электрмен жабдықтау объектілері үшін:
1) тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасы бар электр желілерінің баланстық меншік құқығын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актінің көшірмесі;
2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;
3) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы куәліктің немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
5) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға құжаттың (өкім, сенімхат, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат) көшірмесі (заңды заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер);
6) техникалық сипаттамалардың көшірмесі
7) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың нөмірі) – тек заңды тұлғалар береді
б) кондоминиумдар құрамындағы электрмен жабдықтау объектілері үшін:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілерінің баланстық меншік құқығын және кондоминиум объектісінің құрамына кіретін тұтынушылар үшін тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу туралы актінің көшірмесін тек заңды тұлғалар ұсынады.
2) копия акта приёмки системы коммерческого учёта электрической энергии составленного органом, управляющего объектом кондоминиума или энергопередающей организацией; – кондоминиум объектісін басқарушы орган немесе энергия беруші ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау-тапсыру актінің көшірмесі
3) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
4) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға құжаттың (өкім, сенімхат, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат) көшірмесі (заңды заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер);
5)банктік деректемелерді (банктің атауы, ағымдағы шоттың нөмірі) тек заңды тұлғалар береді;
6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы куәліктің немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалармен электрмен жабдықтау шартын жасау
Тұтынушымен электр энергиясын жеткізу шартын жасау үшін Энергия беруші ұйым келесі құжаттарды ұсынады:
а) кондоминиумдар құрамына кірмейтін электрмен жабдықтау объектілері үшін:
1)тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасы бар электр желілерінің баланстық меншік құқығын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актінің көшірмесі.
2)энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;
3) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі
4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы куәліктің немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
5) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға құжаттың (өкім, сенімхат, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат) көшірмесі;
6)техникалық сипаттамалардың көшірмесі;
7) банк деректемелері.
Тұрмыстық емес мұқтаждар үшін тұтынушыларға арналған үлгілік шарты
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған үлгілік шарты