Егер театр ілгіштен басталса, онда «Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС-операциялық залдан басталады. Дәл осы жерде барлық тұтынушылар тұтынылған электр энергиясы үшін төлем жасай алады. Операциялық зал 2015 жылдың шілде айында жұмыс істей бастады. Осы уақыт ішінде мыңдаған клиенттер оның қызметтерін пайдаланды. Халықпен жұмыс жасау жөніндегі топтың жетекшісі Сәуле Рамазанова. Ол өз қызметін CALL орталығының операторынан бастады. Сәуле Рамазанованың айтуынша «Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС клиенттері мынадай қызметтерді ала алады:
-Әр оператор электр энергиясы үшін шоттарды төлеуден басқа, электр энергиясын жіберу мен пайдалануға шарт жасай алады, сондай-ақ тұратындардың санын өзгерту жөнінде өтініштерін қабылдайды. Төлем, берешек және есептеуіштің көрсеткіштері бойынша салыстырып тексеру жүргізеді. Абоненттердің өтініштері бойынша берешектің жоқтығы туралы, қате төлемді ауыстыру, дербес шотты жабу, тарифті ауыстыруға, дербес шотты уақытша оқшаулау туралы анықтама береді. Ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі-шарт жасасу үшін қандай құжаттар қажет.
– Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: 1) Құқық белгілейтін құжаттар (көшірме); 2) тұрғын үй иесінің жеке куәлігі (Көшірме); 3) электрондық үй кітабынан үзінді немесе барлық тіркелген мекен-жай анықтамалары. Егер қандай болса да сұрақтар туындаса, тәжірибелі оператор қажетті кеңес беріп, абонентті қажетті маманға жібереді.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап МАИ ауданында » КЭЦ » ЖШС филиалы жұмыс істейді, онда келісім-шарт жасауға және салыстырып тексеруге де болады. Оның мекен-жайы:
Қостанай қаласы, Жамбыл көшесі, 89/4.
Операциялық залдардың жұмыс тәртібі:
Жұмыс күндері сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін үзіліссіз
Просмотров:
1 148