Сенім телефоны
Төтенше жағдай қызметі
ТОО "ЭПК-forfait"

нетто-тұтынушыға

Нетто-тұтынушы ЖЭК пайдалану объектісін электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды ала отырып, энергия беруші ұйымның электр желісіне оның өз жағынан шекаралық бөлікке дейін орналасқан нүктесіне қосылады.

Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату тәртібі.

1. ЖЭК пайдалану объектілерін электр желілеріне қосу және артық электр энергиясын сату үшін нетто-тұтынушы ЖЭК пайдалану объектілерін электр желілеріне қосу сәтіне дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде электр желілеріне қосу жүргізілетін энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымға хабарлама ұсынады (хабарландыру формасын жүктеп алыңыз).

2. Нетто-тұтынушы хабарламаға мынадай құжаттар мен ақпаратты қоса береді:

1) ЖЭК пайдалану объектісінің негізгі генерациялайтын жабдығының техникалық сипаттамалары;

2) ЖЭК пайдалану объектісін электр желілеріне қосу схемасының көшірмесі;

3) айларға бөле отырып, электр энергиясын өндірудің 1 (бір) жылына арналған болжамды жылдық көлемдері.

3. Электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін нетто-тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

– жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

– құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшін);

– салыстырып тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмесі бар электр энергиясын есепке алудың екі бағытты аспабына арналған паспорттың көшірмесі;

– банк деректемелері.

      Ұсынылған құжаттардың негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым өзі қол қойған электр энергиясын сатып алу-сату шартының жобасын (келісімшарт жобасын жүктеп алу) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қалыптастырады және нетто-тұтынушының атына жібереді.

4. ЖЭК пайдалану объектісін (объектілерді) энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосу үшін энергиямен жабдықтаушы ұйым Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес нетто-тұтынушымен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасады.

5. Нетто-тұтынушы ЖЭК пайдалану объектісін электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды ала отырып, энергия беруші ұйымның электр желісіне оның өз жағынан шекаралық бөлікке дейін орналасқан нүктесіне қосылады.

6. Нетто-тұтынушы өзiне қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифi бойынша, электр желiсiнен есеп айырысу кезеңі iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемi үшін, нақ сол кезең iшiнде электр желiсiне өзі берген көлемдi шегере отырып, ақы төлейдi.

Электр желiсiне есеп айырысу кезеңі iшiнде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемi желiден нақ сол кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiнен асып кеткен жағдайда, қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушы берген электр энергиясы үшін сатуға арналған өзінің қолданыстағы тарифi бойынша нетто-тұтынушыға жоғарыда аталған асып кету көлемінде ақы төлейдi.

7. Энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушыдан шот фактураларды (жеке тұлғалар үшін – шығыс жүктеме құжатын) және нетто-тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасында қол қойылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстырып тексеру актісін алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабының (аспаптарының) деректеріне сай нетто-тұтынушының желіге берген электр энергиясының көлемі желіден нақ сол кезең ішінде өзі тұтынған электр энергиясының асып кеткен көлемі үшін ақы төлеуді жүзеге асырады.

8. Ақы төлеу қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Авторизация
*
*
*
*
*
Password generation