«Қостанай ЭнергоЦентр» ЖШС тұтынушыларды энергиямен жабдықтау бойынша қызметті жүзеге асырады және Қостанай облысы аумағында ең ірі кепілдік беруші жеткізуші болып табылады.
Электр энергиясының кепілдік беретін жеткізушісі басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен салыстырғанда тұрмыстық тұтынушылардың көпшілігі құрамында болатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қатарынан айқындалады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызметтер көрсету қағидаларының» 12-тармағы ).
«КЭЦ» ЖШС Қостанай қ. аумағында және Қостанай облысының 14 әкімшілік ауданындағы 516 елді мекенде: Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, им. Бейімбет Майлин, Ұзынкөл, Федоров аудандарында энергиямен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетеді.
«Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС-нің өндірістік қызметін энергия көздерімен, электр энергиясын беруді (тасымалдауды) жүзеге асыратын өңіраралық және өңірлік компаниялармен жасалған шарттар және электр энергиясын тұтынушылармен (заңды және жеке тұлғалармен) шарттар негізінде жүзеге асырады. ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңының 25 бабына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі қызмет энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметтен бөлінген. Заңның осы нормасына сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын берумен айналыса алмайды, яғни меншігінде желілері бола алмайды. Осыған байланысты «Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС желілері біздің тұтынушыларға дейін баратын энергия беруші компаниялармен электр энергиясын тасымалдау шартын жасасады.
01.07.2023 жылдан бастап «Қостанай энергетикалық орталығы» ЖШС үшін электр энергиясын жеткізуші электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – «ЖЭК қолдаудың есеп айырысуөқаржы орталығы» ЖШС болып табылады. «Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС сатып алатын электр энергиясы тұтынушыларға тасымалдаушы компаниялардың желілері бойынша жеткізіледі: өңіраралық желілер – «KEGOC» АҚ; кернеуі 35-110 кВ өңірлік желілер бойынша «Межрегионэнерготранзит» ЖШС; өңірлік желілер бойынша кернеуі 0,4 — 10 кВ «ЭПК-forfait» ЖШС; ҚТЖ ҰК АҚ желілері бойынша; ССКӨБ АҚ, Atica ЖШС.
Энергиямен жабдықтау бойынша қызмет қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық маңызды болып табылады және мемлекетпен реттеледі, яғни электр энергиясына тарифтер уәкілетті органмен – Қостанай облысы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетімен келісілгеннен кейін қолданылады. 2024 жылғы 01 қаңтардағы жғдай бойынша жеке тұлғалар абоненттерінің саны 212 179-нан астам тұтынушыны және заңды тұлғалар 7 388-ға жуық тұтынушыны құрайды.
«Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС ұжымы шамамен 250 адамды құрайды.
«Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС Бас директоры: Ускенбаева Анаргуль Максимовна.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы: Қостанай қ., Курганская к – сі, 8
Құрылған жылы: 02 қазан 2003 ж.
Меншік нысаны: жеке.
Негізгі қызмет түрі: энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу.