Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығы.
2020 жылғы 24 ақпандағы өзгертулер мен толықтырулармен бірге Электр энергиясын жеткізудің үлгілік шартын бекіту туралы.
Жеке тұлғалармен электрмен жабдықтау шартын жасау.
Электр энергиясымен жабдықтау шартын жасау үшін Энергия беруші ұйым келесі құжаттарды ұсынады:
а) кондоминиумдар құрамына кірмейтін электрмен жабдықтау объектілері үшін:
-1) тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасы бар электр желілерінің баланстық меншік құқығын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актінің көшірмесі.;
2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;
3)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы куәліктің немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
техникалық сипаттамалардың көшірмесі;
б) кондоминиумдар құрамына кіретін электрмен жабдықтау объектілері үшін:
1) кондоминиум объектісіне кіретін тұтынушылар үшін электр желілерінің баланстық меншік құқығын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актінің көшірмесі.;
2) кондоминиум объектісін басқарушы орган немесе энергия беруші ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау-тапсыру актінің көшірмесі;
3)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4)жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі