Қазақстан Республикасының 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес «Костанайский Энерго Центр» ЖШС-ы 01.01.2025 жылға дейін өз тұтынушыларын «ЭПК-forfait» ЖШС энергия тасымалдаушы ұйымына қызмет көрсетуге беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қатар, жеке тұлғаларға электроэнергия қуатын жеткізу туралы келісімшарттын қайта жасаудың қажеті жоқ!
Осы санаттағы тұтынушыларды электроэнергиямен жабдықтауды жалғастыру мемлекеттік келісімшарттар мен есепшоттар шеңберінде «Электр энергетика» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ағымдағы дербес шот нөмірлерін жүргізе отырып жүзеге асырылатын болады.
2025 жылға арналған мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың электроэнергиямен жабдықтау келісімшартты жасауды «ЭПК-forfait» ЖШС энергия беруші ұйымымен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Заңды тұлғаларды электроэнергиямен жабдықтау келісімшарттын қайта жасауды мәселесі бойынша 2024 жылдың желтоқсан айында «ЭПК-forfait» ЖШС хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл ретте «Костанайский Энерго Центр» ЖШС 01.01.2025 жылғы жағдай бойынша электр энергиясын жеткізушілер алдындағы міндеттемелерді толық орындағанға және тұтынушылардан берешекті өндіріп алғанға дейін өз қызметін жүзеге асыратынын хабарлаймыз. Осылайша, барлық тұтынушылар тұтынылған электр энергиясының ақысын уақтылы төлеу бойынша «Костанайский Энерго Центр» ЖШС алдындағы келісімшарттық міндеттемелерін толық орындауға міндетті.
«Костанайский Энерго Центр» ЖШС
Просмотров:
40