ХАБАРЛАМА
«Костанайский Энерго Центр» ЖШС-сы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің» 2024 жылғы 24 қыркүйектегі болжамды бағаны шекті (қонымды) баға деңгейіне дейін төмендету бойынша дәлелді қорытындысына шағым жасайтыны туралы хабарлайды.
Әкімшілік актінің жоғарғы турған органға шағымдануына байланысты «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің» 2024 жылғы 24 қыркүйектегі болжамды бағаны шекті (қонымды) баға деңгейіне дейін төмендету бойынша дәлелді қорытындысының орындалуы Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу Кодексінің 96 – бабының негізінде тоқтатыла тұрады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Костанайский Энерго Центр» ЖШС-нің шағымы бойынша шешім қабылданғанға дейін электр энергиясына қолданыстағы тарифтер 01.07.2024 ж. өзгермейді.
Қолданыстағы тарифтер:
Жеке тұлғалар үшін тауарларды өндірумен (өткізумен), жұмыстарды орындаумен және қызметтерді көрсетумен байланысты емес электр энергиясын өз шаруашылық қажеттіліктері үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін – 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-ты есепке алғанда 28,61 теңге.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 78,05 теңге немесе 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-пен 87,42 теңге.
Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерден басқа мақсаттарда пайдаланатын заңды тұлғалар және басқа тұтынушылар үшін ҚҚС-сыз 34,27 теңге немесе 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-пен 38,38 теңге.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар үшін (СЗПТ) ҚҚС-сыз 31,29 теңге немесе 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-пен 35,04 теңге.
Просмотров:
135