Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің Қостанай облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу Департаменті «Қостанай энергетикалық орталығы» ЖШС-нің электр энергиясын жеткізу қызметтеріне шекті бағаны көтеру бойынша тариф жобасын талқылау туралы қоғамдық тыңдау өткізетінін хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар 2024 жылғы 16 тамызда сағат 15.00-де Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 177 А үй, конференц-зал 4 қабатты мекен жай бойынша өтеді.
Қоғамдық тыңдаулар, соның ішінде онлайн режимінде «ZOOM» қосымшасы арқылы өтеді. Конференция идентификаторы: 764 1871 2436, Кіру коды: xr7FT4 және Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде өткізіледі.
Анықтама телефондары: 8 (7142) 54-11-52, 54-28-76.
Просмотров:
761