Жыл сайын Қазақстанда бірігудің, достықтың, ашықтық пен толеранттылықтың символына айналған Халық бірлігі күні аталып өтіледі. Түрлі этнос өкілдері бір-біріне құрмет көрсетіп, қолдау көрсетуде. Соның жарқын мысалы ретінде ауданымызды су басу қаупі төнген соңғы оқиғаларды айтуға болады. Табиғат құбылыстарымен күресуге жүздеген Қостанайлықтар шықты.
Олардың қатарында «ЭПК Forfait» ЖШС, «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «КЭЦ» ЖШС-ы сияқты энергетикалық компаниялардың қызметкерлері де бірігіп, туған қаласына көмектесті. Олар Тобыл мен Қостанайдағы бөгеттерді нығайту үшін жүздеген құм дорбаларын көтеріп, электр қуатын қалпына келтіру бойынша жедел жұмыстарды жүргізді. Бұл барша Қазақстандықтардың шынайы достығы мен өзара қолдауының жемісі.
«КЭЦ» ЖШС барша қазақстандықтарды Қазақстан Халқының бірлігі күнімен құттықтайды! Халқымыз бен мемлекетіміз дамудың, жаңа жетістіктердің сенімді іргетасы болып қала берсін. Сіздерге өркендеу, бақыт және амандық тілейміз! Бірлік – біздің күшіміз!
Просмотров:
384