Сенім телефоны
Төтенше жағдай қызметі
ТОО "ЭПК-forfait"

ВНИМАНИЮ ПОТРЕБИТЕЛЕЙ, пользующихся услугами товарищества с ограниченной ответственностью «Костанайский ЭнергоЦентр»

27Наурыз2024

Электр энергиясын сатып алуға және тасымалдауға тарифтердің көтерілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің Қостанай облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу Департаментінің дәлелді қорытындысы негізінде 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап электр энергиясының жаңа тарифтері күшіне енгені туралы хабарлаймыз.

Жеке тұлғалар үшін тауарларды өндірумен (өткізумен), жұмыстарды орындаумен және қызметтерді көрсетумен байланысты емес электр энергиясын өз шаруашылық қажеттіліктері үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін – 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-ты есепке алғанда 28,61 теңге.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 78,05 теңге немесе 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-пен 87,42 теңге.

Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерден басқа мақсаттарда пайдаланатын заңды тұлғалар және басқа тұтынушылар үшін ҚҚС-сыз 36,27 теңге немесе 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-пен 40,62 теңге.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар үшін (СЗПТ) ҚҚС-сыз 30,92 теңге немесе 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-пен 34,63 теңге.

Тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр энергиясын тұтынатын жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер:

Тарифтердің атауы

 

теңге/кВт  сағ. ҚҚС-ы есебімен
Белгіленген құн шегінде электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға бірінші деңгейдегі тариф:

– 1 адамға айына 130 кВт*сағатқа дейін  қоса алғанда;

– 1 адамға айына 140 кВт*сағатқа дейін  қоса алғанда

(Жалғыз тұратын жалғызбасты зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және электр плитасын пайдаланатын оларға теңестірілген тұлғаларға, жеке меншігінде бір тұрғын үй-жай (пәтер) бар көрсетілген тұлғаларды қоспағанда)

27,61

теңге

Белгіленген құн шегінде электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғаларға бірінші деңгейдегі тариф:

– 1 адамға айына 100 кВт*сағатқа дейін  қоса алғанда;

– 1 адамға айына 110 кВт*сағатқа дейін  қоса алғанда

(Жалғыз тұратын жалғызбасты зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және электр плитасын пайдаланбайтын оларға теңестірілген тұлғаларға, жеке меншігінде бір тұрғын үй-жай (пәтер) бар көрсетілген тұлғаларды қоспағанда)

26,79

теңге

Екінші деңгейдегі тариф:

– 1 адамға айына 130-190 кВт*сағатқа дейін электр плиталарын пайдаланатындар үшін;

– 1 адамға айына 100-150 кВт*сағатқа дейін электр плиталарын пайдаланбайтындар үшін;

– 1 адамға айына 140 кВт*сағаттан жоғары электр плиталарын пайдаланатын  жалғыз тұратын адамдар үшін;

– 1 адамға айына 110 кВт*сағаттан жоғары электр плиталарын пайдаланбайтын  жалғыз тұратын адамдар үшін;

34,33

теңге

Үшінші  деңгейдегі  тариф:

– 1 адамға айына 190 кВт*сағаттан жоғары электр плиталарын пайдаланатындар үшін;

– 1 адамға айына 150 кВт*сағаттан жоғары электр плиталарын пайдаланбайтындар  үшін;

42,91

теңге

 

* Бұл ретте электр плиталарын пайдаланатын тұтынушыларға газдандыруға жатпайтын немесе үй құрылысы жобасында,  кондоминиум объектісінің техникалық паспортында оны газдандыру көзделмеген үйлердің тұрғындары жатады.

Авторизация
*
*
*
*
*
Password generation