Қазақстан Тәуелсіздігі 1991 жылғы 16 желтоқсанда «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған сәттен бастап есептеледі. Бұл күн ұлттық маңызы бар оқиға ретінде ел мерекелерінің күнтізбесіне енді.
Бүгін Қазақстан-тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз, ол бәрінен де жоғары! Біздің міндетіміз-болашақ ұрпаққа гүлденген және мықты Қазақстанды мұра етіп қалдыру».
«КЭЦ» ЖШС барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды және еліміздің барлық азаматтарына бейбіт аспан, бақыт пен амандық тілейді. Біздің Қазақстанымыз өркендей берсін!
Просмотров:
564