«Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап электр энергиясының шекті бағасының алдағы уақытта 2,19 теңге/кВтсағ немесе 8,2%-ға, яғни ҚҚС есебімен 26,62 теңгеден 28,81 теңгеге дейін өсуі туралы ақпарат берілді. Шекті бағаның көтерілуінің негізгі себептері 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап стансадан электр энергиясын сатып алу құнының 9,2%-ға өсуі болып табылады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы бұйрығымен 2021 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізілді. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеден бастап энергияны пайдалануды қолдауға қосымша ақы қолданылады. Сондай-ақ, 2021 жылдың қазан айынан бастап «KEGOC» АҚ қызметтеріне тарифтер 14%-ға, «Темір жолы» желілері бойынша электр энергиясын тасымалдауға 4%-ға көтерілді. Сонымен қатар, 2022 жылдың қаңтарынан бастап тасымалдаушы компаниялардың тарифтері («ЭПК-форфайт» ЖШС, «МРЭТ» ЖШС, «ҚТЖ» АҚ, «ССГПО» АҚ, «KEGOC» АҚ) 4%-дан 13%-ға дейін көтеріледі. «РФТ» ЖШС-нің электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету тарифі 2,8%-ға өсті.
Просмотров:
731