14 маусым-Дүниежүзілік қан доноры күні
Бұл өмір сыйлайтындар мен донорлардың арқасында тірі қалғандар үшін ерекше күн.
«Қостанай Энергоорталығының» ЖШС халықпен жұмыс жөніндегі операторы Гүлжаухар Жұманова бес жылдан астам уақыт бойы өзінің қанын қажет ететін адамдармен бөлісіп келеді.
– Мен алғаш рет қан орталығына 19 жасымда келдім, – дейді Гүлжаухар. – Қорқыныш мүлдем болған жоқ. Айтпақшы, мен біздің отбасымызда үнемі қан тапсыратын жалғыз адам емеспін. Менің ағам да көптеген жылдар бойы донор.
Гүлжаухар алдағы уақытта да қан тапсырып, басқалардың өмірін сақтап қалуды жоспарлап отыр.
Просмотров:
834