Сенім телефоны
Төтенше жағдай қызметі
ТОО "ЭПК-forfait"

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

27Сәуір2021

2021 жылдың 01 маусымынан бастап Қостанай облысының тұтынушылары үшін электрмен жабдықтау қызметтеріне «Қостанайский ЭнергоЦентр» ЖШС бағасын арттыру туралы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қостанай облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментіне 2021 жылдың 1 маусымынан бастап электр энергиясына шекті бағаның 3,3 теңге/квтс немесе 15,9% – ға, яғни ҚҚС қоса алғанда 23,39 теңгеден 27,12 теңгеге дейін көтерілуі туралы ақпарат берді.

Шекті бағаның өсуінің негізгі себептері станциядан электр энергиясын сатып алу құнының 20,4% – ға артуы болып табылады. ҚР Энергетика министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №108 бұйрығымен 2021 жылғы 1 сәуірден бастап электр энергиясына шекті тарифтерге өзгерістер енгізілді. Бұдан басқа, 2021 жылғы қаңтардан бастап таратушы компаниялардың («СТК-forfait» ЖШС, «МРЭТ» ЖШС, «ҚТЖ» АҚ, «ССКӨБ» АҚ, «СТК Аtica» ЖШС) тарифтері 2,5% – дан 20,4% – ға дейін өсті. Сондай-ақ тарифке станциядан электр энергиясын 2021 жылғы сәуір-мамыр айларында жаңа бағамен сатып алудан болатын шығындар енгізілген.

Электр энергиясына босату бағасы станциялардың шиналарынан электр энергиясының құнын, өңірлік және өңіраралық деңгейдегі желілер бойынша электр энергиясын беруге және бөлуге арналған тарифті (тариф құрылымында бұл шығындар 95,4% – ды құрайды), сондай-ақ кәсіпорын қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтау үстемесін негізге ала отырып қалыптастырылады.

Тариф жобасында «КЭЦ» ЖШС-нің жабдықтау үстемесі бұрынғы деңгейде қалады (жабдықтау үстемесінде пайда жоқ).

Авторизация
*
*
*
*
*
Password generation