Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздік күні — елімізде жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтілетін басты ұлттық мереке. 1991 жылдың осы күні Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң қабылдады. Тәуелсіздік күні еліміздің басты мемлекеттік мерекесі болып табылады. Әрбір қазақстандық үшін 16 желтоқсан — тарихтың жүздеген беттері мен өз еліне деген шынайы махаббат тоғысатын ерекше мереке. Ұлттық мемлекеттілікті дамыту, адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету — мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заңда тікелей көрініс тапқан стратегиялық міндеттер.
«КЭЦ» ЖШС көп жылдан бері өз тұтынушылары үшін сапа кепілі болып табылады. Мемлекет саясатының арқасында біздің кәсіпорын дамып келеді және бір орында тұрмайды.
«КЭЦ» ЖШС ұжымы барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілейді!
Просмотров:
1 978