Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі қазіргі Қазақстан тарихында мәңгі қалады.
2011 жылғы желтоқсанда ҚР Сенатының отырысында мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнін белгілеу туралы заң қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайызының қолдауына ие болды.
Енді Тұңғыш Президент күні-қазақстандықтардың тарихи таңдауын айғақтайтын және Елбасының тәуелсіз мемлекетті құру мен нығайтудағы жоғары миссиясын растайтын мемлекеттік мереке.
Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді осы күнмен құттықтауға рұқсат етіңіздер және отбасыларыңызға мықты денсаулық, қаржылық тұрақтылық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілеймін.
«КЭЦ» ЖШС Бас директоры Анаргүл Өскенбаева
Просмотров:
1 423