«КЭЦ» ЖШС іске асыру бөлімі бастығының орынбасары Наталья Гуляева осылай дейді.
Жақында ғана Натальяны Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері марапаттады. Карантинге қарамастан, Наталья СӨС орталығы ұйымдастырған «Менің денсаулығым менің қолымда» үй шарасына қатысты.
Институт орындығынан бастап бүгінгі күнге дейін Наталья спортпен белсенді айналысады. Тоғыз жыл бойы аптасына үш рет ол кардиошейпинг тобына, сонымен қатар спортзалдағы сабақтарға қатысады.
Спортпен шұғылдануға уақытты қалай табуға болады деген сұраққа Наталья бәрі адамға байланысты деп жауап берді. Егер ол әрдайым сылтау тауып, спортзалға баруды белгісіз мерзімге кейінге қалдырса, онда оның табысқа жетуі екіталай.
– Маған спортпен шұғылдану ұнайды, бұл менің үйреншікті өмір салтым, – деп бөлісті Наталья.
Міне, «КЭЦ» ЖШС қызметкерлері : сұлу, спортшы және өз ісінің шебері!
Просмотров:
15 012