2020 жылғы 01 қыркүйектен бастап Қостанай облысының тұтынушылары үшін электрмен жабдықтау қызметтеріне
«Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС бағасын көтеру туралы
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу департаментіне 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҚҚС-ты ескере отырып, электр энергиясына тарифті 22% – ға, 21,19 теңгеден 25,85 теңгеге дейін көтеру туралы қайта хабарлама берді.
Тарифтің өсу себебі станциядан электр энергиясын сатып алу құнының 25% – ға артуы болып табылады. ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 маусымдағы №243 бұйрығымен электр энергиясының шекті тарифтеріне 2020 жылғы 1 шілдеден бастап өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, станцияларда электр энергиясы бағасының өсуі беруші компаниялардың тарифтерінің 2020 жылдың қыркүйегінен бастап өсуіне әкеледі. Сондай-ақ тарифке станциядан 2020 жылдың шілде-тамыз айларындағы жаңа бағамен электр энергиясын сатып алу шығындары енгізілген.
Электр энергиясына босату бағасы станция шиналарынан электр энергиясының құнын, өңірлік және өңіраралық деңгейдегі желілер бойынша электр энергиясын беру және тарату тарифін (тариф құрылымында бұл шығындар 95,4% – ды құрайды), сондай-ақ кәсіпорын қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтау үстемесін негізге ала отырып қалыптастырылады. «КЭЦ» ЖШС жабдықтау үстемесі тариф жобасында бұрынғы деңгейде қалады (жабдықтау үстемесіндегі пайда жоқ).
Просмотров:
2 080