Бүгін Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға арналған Жалпыұлттық аза тұту күні. «ҚЭЦ» ЖШС-нің барлық қызметкерлері атынан барша қазақстандыққа көңіл айтамын, бұл бүкіл ел үшін ортақ трагедия, біз барлық өлгендерді еске алуға тиіспіз.
Үкімет пен медицина қызметкерлерінің іс-әрекетінің арқасында біздің облыс осы вирус тіркелмеген соңғысының бірі болып қалғанын еске түсірейік. Бірақ өкінішке орай болмады…
Біздің дәрігерлер біздің денсаулығымыз үшін алты ай бойы күресуде. Мемлекет короновируспен күресте маңызды шешімдер қабылдайды, өз отандастарына материалдық қолдау көрсетеді. Ондаған ел бізге гуманитарлық көмек көрсетуде.
Осы қиын сәтте бізбен бірге барлықтарыңызға рахмет айтқым келеді. Біз бұл вирусты ортақ күшпен жеңеміз деп нық сенеміз. Жақында Қазақстанда немесе басқа елде көптен күткен вакцина пайда болатынына сенемін. Бүгінде мыңдаған ғалымдар осы міндет бойынша жұмыс істейді және олар міндетті түрде оны жасайды. Өз уақытында полиомиелитке, қызылшаға және т. б. қарсы вакцина қалай жасалынды екен. Сол кезде қаза тапқандардың саны да мыңдаған адамға жетті, бірақ ғылым жеңді. Тек сәл күту керек…
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз. Біз біргеміз!
Анаргүл Өскенбаева, «Костанайский Энергоцентр» ЖШС Бас директоры»
Просмотров:
1 854