«Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу департаментіне электр энергиясына тарифті 2,34 теңге/кВтсағ немесе 12,4 %, яғни 2020 жылғы 1 тамыздан бастап ҚҚС қоса алғанда 21,19 теңгеден 23,81 теңгеге дейін көтеру туралы хабарлама берді.
Тариф өсуінің негізгі себептері станциядан электр энергиясын сатып алу құнының 25% – ға артуы болып табылады. ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 маусымдағы №243 бұйрығына сәйкес, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясына шекті тарифтерге өзгерістер енгізілді. Бұдан басқа, станциялардағы электр энергиясы бағасының өсуі 2020 жылдың шілдесінен бастап беруші компаниялардың тарифтерінің артуына алып келеді. «ЭПК-forfait» ЖШС желілері бойынша электр энергиясын беру тарифі 5,5% — ға, «МРЭТ» ЖШС-2,2% – ға артады.
Электр энергиясына арналған босату бағасы станциялар шиналарынан электр энергиясының құнына, өңірлік және өңіраралық деңгейдегі желілер бойынша электр энергиясын беру мен таратуға арналған тарифке (тариф құрылымында бұл шығындар 95,4% – ды құрайды), сондай-ақ кәсіпорын қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтау үстемесіне сүйене отырып қалыптастырылады. «КЭЦ» ЖШС жабдықтау үстемесі тариф жобасында бұрынғы деңгейде қалады.
Просмотров:
1 117