Құрметті тұтынушылар!
2020 жылдың 25 мамырынан бастап «Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС жеке санаттағы азаматтардың ТЖ режимінде коммуналдық қызметтерді өтеу бойынша мемлекеттік төлемдерді аударуды жүзеге асыра бастағаны туралы хабарлаймыз.
Енді біздің шоттарда өтемақы сомасы көрсетілген «ТЖ байланысты төлемдерді өтеу» қосымша жолы бар. Жеке шотқа есептелген материалдық көмек сомасын тұтынушылар 2020 жылдың мамыр, маусым айларында шот-хабарлама алған кезде біле алады. Бұл ақша дереу электр энергиясы үшін қарызды төлеуге жұмсалады. Ал егер оны тұтынушы төлесе, онда олар артық төлем ретінде шотта қалады және келесі төлем кезінде ескерілетін болады.
Өтемақы алуға қатысты барлық мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органға жүгіну қажет.
«Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС өтемақыны түзетуді «Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жазбаша нұсқауы бойынша ғана жүзеге асырады.
Просмотров:
1 375