Дәл бір жыл бұрын TОО KЭЦ компаниясының қызметкерлері өз ардагерлерін құттықтады. Ардагерлеріміздің тамаша естеліктерін, әңгімелерін тындадық. Биыл мереке алдындағы іс-шараларға айтарлықтай өзгерістер енгізілді. KЭЦ қызметкерлері маскалармен, қолғаптармен қаруланған және сапарлар да қысқа болған. Тағы қалай? Өйткені, қадірлі ақсақалдарымыздың қауіпсіздігі өте маңызды.
Бір нәрсе ғана өзгеріссіз қалды – ол біздің ардагерлерімізге деген шынайы махаббат пен құрмет. Денсаулық тілектері, гүлдер, ақша салынған конверттер Евдокия Сергеевна Басарноваға, Анастасия Петровна Леоноваға, Шакира Сандыбаеваға және Иван Витальевич Малышевқа берілген.
Айтпақшы, Иван Витальевич жасына қарамай өлең жазады. Сонымен, бұл жолы ол қарсы тұра алмады және COVID 19 арналған өлеңді оқиды. Вирусты жеңу туралы өлең оқыды. -15 жасымда мені артиллериялық әскери училищеге жіберді, – деп еске алады ардагер. 1945 жылы бітірдім, бірақ соғысқа баруға мүмкіндік болған жоқ. Жас лейтенант десанттық дивизияға жіберілген. Отан бұйрығы бойынша ол бүкіл әлем бойынша әр түрлі арнайы операцияларға қатысты. Ол тіпті Кубада болып, Америкаға қарсы ракеталарды орнатты. Жылдар өтті, бірақ естеліктерден Иван Витальевичтың көздері әлі жаңады, сол қуантады. Қымбатты біздің ардагерлеміріз өмірлеріңіз ұзақ болсын! Келесі жылы біз сіздермен міндетті түрде кездесеміз!
Просмотров:
1 315