Қостанай энергетиктері Түркістан облысына екі жарым миллион теңге аударды.
Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаны біліп, көптеген қазақстандықтар зардап шеккендерге гуманитарлық және материалдық көмек көрсете бастады. Энергетиктер де шет қалмады.
– Біз Арыс қаласының тұрғындары үшін уайымдаймыз. Апат біздің халқымызды біріктірді. Аталған ақша Арыс қаласындағы қираған үйлерді қалпына келтіруге жұмсалады, — деді «КЭЦ» ЖШС Бас директоры Анаргүл Өскенбаева. Бұл шағын қаланың тұрғындары бүкіл Қазақстан оның тағдырына алаңдайтынын білсін. Ақшалай қаражаттар Архимед Мұхамбетов басқарған штабындағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін » Денсаулық, kst»ОФ шотына аударылған. Естеріңізге сала кетейік, біздің облыс 450 Арыс үйін қалпына келтіруге көмек көрсетеді. «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «ЭПК-Форфайт» ЖШС, «Костанайский Энергоцентр» ЖШС және еңбек ұжымының жалпы күшімен2,5 миллион теңге жиналды. Қостанай қаласының «Костанайский Энергоцентр» ЖШС Арыс тұрғындарына өз үйлеріне оралуды және әрбір үйде жарық болуын тілейді. Ақшадан басқа, «КЭЦ» ЖШС қызметкерлері балалар памперстерін «Нұр-Отан»партиясына тапсырды. Жақында жеке гигиена құралдары апат аймағына жіберіледі.
Просмотров:
1 158