Ал бізде-мерейтой!
«КЭЦ» ЖШС 15 жыл толды
2004 жылғы 1 мамырда кәсіпорын электр энергиясының тұтынушымен алғашқы шарт жасасты. Осы күннен бастап «Қостанайский ЭнергоЦентр» ЖШС қызметінің санағы басталады. Электр қуаты жүздеген жыл бұрын жаппай таралған. Бұл бүкіл адамзат үшін нағыз серпіліс болды. Бүгінде электр қуатын пайдаланылмайтын бірде-бір өнеркәсіп саласы немесе өзге сала жоқ. Әрбір пәтерде көптеген жарық беретін құралдар, тұрмыстық техника жұмыс істейді. 1914 жылы Қостанай қаласында электр желісі жүргізілді, көшені жарықтандыру ұйымдастырылды. Осының бәрі инженер А. Кастальскийдің арқасында болды, ол электр қозғалтқышты Швейцариядан сатып алып қоңдырған. Қостанай электр қуатымен жарыла бастады, 5 000 лампочкаға бірінші қозғалтқыш іске қосылды. Облыстық мұрағат қызметкері Наталья Здоровецтің материалын берген өлкетану мұражайы қызметкерлерінің арқасында біз қаланың алғашқы электр станциялары туралы қызықты мәліметтерді білдік.
Мұрағаттың көздері негізінде 1937 жылдың қаңтарында Қостанай қаласында жалпы қуаты 129 кВт тұрақты токпен бір электр станциясы жұмыс істеген. Сол уақытқа дейін бұл қуат жетпеді, сондықтан сол жылы қолданыстағы электр станциясын кеңейтуге жоспар туындады. Оның қуатын 269 кВт дейін көтеруді жоспарланған. Сол себептен Мәскеуде жаңа дизель сатып алынды. Оны орнату үшін Қостанайға «Союздизель» арнайы бригадасы арнайы келді.
Бірақ бір жылдан кейін, 1938 жылы осы жаңартылған қуат өнеркәсіптік Қостанай қаласына да жетпеген. Осыған байланысты 1000 кВт жаңа электр станциясының құрылысы жоспарланған. Осы стратегиялық объектінің орналасқан жері туралы көп пікірлер болды. Алайда құрылыс әлі басталған жоқ, өйткені жұмыс істеп тұрған электр станциясы тасымалданатын сұйық отынмен жұмыс істеген. Қалада сұйық отын болған жоқ. Оны Орск, Саратов және Куйбышевтан, кейбір кезде Грозный және бакудан әкеліп тұрған. Облыста өзінің қатты отыны да болған жоқ. Қостанай қаласынан 120 шақырым жерде табылған тас көмір кен орны сапасы мен мөлшеріне тексеру жүргізілді. Көмірді Қарағанды мен Челябі көмір қоймаларынан әкелген. Тоннаның бағасы 36 сом 46 тиын және 25 сом 25 тиын болды.
Аракарагай және Семиозер- орман учаскелері Қостанайдан 40 км және 120 км жерде орналасқан. Жергілікті қайың ағашының бір текше метрінің бағасы 16 сом болды. Бірық негізінде ағашты Свердлов облысынан темір жол арқылы әкелген. Қостанай қаласы бойынша жылыту мерзімі қазанның 15 бастап мамырдың 1 аяқталған. Электр энергиясын тұтынуды шектеу үшін, Қостанай қалалық кеңесінің 1938 жылғы 21 желтоқсандағы қаулысы бойынша электр станциясының жұмыс уақыты күн сайын сағат 16-дан бастап таңғы 9-ға дейін болған. Сонымен қатар пәтерлерде 25-тен 60 Ватқа дейінгі шамдарды, ал ұйымдар мен мекемелерде 25-тен 150 Ватқа дейінгі шамдарды пайдалануға рұқсат етілді. Пушкин, Жамбыл, Крупская, Покровский, Киров атындағы оқу корпустарында электр жарығын пайдалану уақыты сағат 20-ға дейін, ал 5 бастапқы мектебінде сағат 23-ке дейін, Орыс пен Қазақ педагогилаық училищелерінде, басқа оқу орындарында сағат 21-ге дейін орнатылды. Жеке азаматтарға, сондай-ақ мекемелерге, оқу орындарына өз бетінше шаруашылық мұқтаждары үшін электр энергиясын (шайнектер мен үтіктер) пайдалануға, сондай-ақ көп ватт шамдарды қосуға тыйым салынды. Қаулыны орындамағаны үшін кінәлілер 100 рубльге дейін айыппұл салуға немесе 3 айға дейін мәжбүрлеу жұмыстарына тартылды. Қаулыға қалалық Кеңестің төрағасы Ұланов қол қойды және бір жыл бойы әрекет етті.
1943 жылы Қостанайда оқ-дәрі өндіретін № 507 зауыт жұмыс істей бастағанда, зауыттың ЖЭО-дан Ленин көшесі бойынша қалалық электр станциясына дейін, Таран бойынша тері комбинатына дейін (аяқ киім фабрикасы), Октябрьская, Повстанческая, Ташкент көшелері бойынша жоғары вольтты желілер салынды. Осылайша әскери зауыт қаланы электр энергиясымен қоректендіре бастады. Ал 1957 жылы Қостанай қалалық электр станциясы «электр энергиясын өндіру бойынша тиісті жабдықтың болмауына байланысты «Қалалық электр желісі» болып өзгертілді.
Просмотров:
1 181