Қостанай облысының «Казахское общество слепых» қоғамдық бірлестігі «Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС басшылығына алғыс білдірді және кәсіпорын директоры Ускенбаева Анаргуль Максимовнаға алғыс хат берді.
Мұқтаж адамдарға материалдық көмек көрсету игі дәстүрге айналды. Міне, осы жолы да 9 мамыр мерекесі қарсаңында «Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС ұжымы ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға арналған 15 азық-түлік пакеттерін дайындады.
Қант, қарақұмық, спагетти, күріш, өсімдік майы және басқа да өнімдер қоғам қабырғасында өткен іс-шарада табыс етілді.
— Біздің өтінішімізге жауап бергеніңіз үшін рахмет, – деді соқырлар қоғамының төрағасы Хамит Исмұратов. – Сіздің қолдауыңыз біз үшін өте маңызды.
Просмотров:
1 031