|
Коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттарда өткен жылмен салыстырғанда тарифтің қаншалықты төмендегенін көрсететін болады. Бұл туралы облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінде өткен брифингте белгілі болды, онда тарифтерді төмендету бойынша жұмыстар туралы тағы да еске салынды.
– Облыстың барлық тұрғындары қаншалықты аз төлей бастағанын түсіне бермейді. Ол үшін біз қызметтерді төлеу туралы түбіртекке ақпаратты қосуды шештік. Коммуналдық кәсіпорындар тариф қаншалықты төмендегені туралы көрсетеді. Яғни, бұрын қолданыста болған тариф пен қазіргі тариф көрсетілетін болады. Бұл үш ай бойы – ақпан айынан сәуір айына дейін болады,- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының м.а. Ақан Ташпанов түсіндірді.
толығырақ: https://kstnews.kz/news/commune/item-48668
|