Сенім телефоны
Төтенше жағдай қызметі
ТОО "ЭПК-forfait"

тарифтер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің Қостанай облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу Департаментінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 39-03-10/669-И дәлелді қорытындысы бойынша, 

        2024 жылдың 1 қазаннан бастап электр энергиясының жаңа тарифтері күшіне енгені туралы хабарлаймыз.

Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерден басқа мақсаттарда пайдаланатын заңды тұлғалар және басқа тұтынушылар үшін ҚҚС-сыз 29,14 теңге немесе 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-пен 32,64 теңге.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар үшін (СЗПТ) ҚҚС-сыз 29,14 теңге немесе 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-пен 32,64 теңге.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 67,34 теңге немесе 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-пен 75,42 теңге.

      Жеке тұлғалар үшін тауарларды өндірумен (өткізумен), жұмыстарды орындаумен және қызметтерді көрсетумен байланысты емес электр энергиясын өз шаруашылық қажеттіліктері үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін тариф бұрыңғы деңгейде қалады – 1 кВт/сағ үшін ҚҚС-ты есепке алғанда 28,61 теңге.

     Тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр энергиясын тұтынатын жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер:

Тарифтердің атауы

 

теңге/кВт  сағ. ҚҚС-ы есебімен
Белгіленген құн шегінде электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғаларға бірінші деңгейдегі тариф:

– 1 адамға айына 130 кВт*сағатқа дейін  қоса алғанда;

– 1 адамға айына 140 кВт*сағатқа дейін  қоса алғанда

(Жалғыз тұратын жалғызбасты зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және электр плитасын пайдаланатын оларға теңестірілген тұлғаларға, жеке меншігінде бір тұрғын үй-жай (пәтер) бар көрсетілген тұлғаларды қоспағанда)

27,61

теңге

Белгіленген құн шегінде электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғаларға бірінші деңгейдегі тариф:

– 1 адамға айына 100 кВт*сағатқа дейін  қоса алғанда;

– 1 адамға айына 110 кВт*сағатқа дейін  қоса алғанда

(Жалғыз тұратын жалғызбасты зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және электр плитасын пайдаланбайтын оларға теңестірілген тұлғаларға, жеке меншігінде бір тұрғын үй-жай (пәтер) бар көрсетілген тұлғаларды қоспағанда)

26,79

теңге

Екінші деңгейдегі тариф:

– 1 адамға айына 130-190 кВт*сағатқа дейін электр плиталарын пайдаланатындар үшін;

– 1 адамға айына 100-150 кВт*сағатқа дейін электр плиталарын пайдаланбайтындар үшін;

– 1 адамға айына 140 кВт*сағаттан жоғары электр плиталарын пайдаланатын  жалғыз тұратын адамдар үшін;

– 1 адамға айына 110 кВт*сағаттан жоғары электр плиталарын пайдаланбайтын  жалғыз тұратын адамдар үшін;

34,33

теңге

Үшінші  деңгейдегі  тариф:

– 1 адамға айына 190 кВт*сағаттан жоғары электр плиталарын пайдаланатындар үшін;

– 1 адамға айына 150 кВт*сағаттан жоғары электр плиталарын пайдаланбайтындар  үшін;

42,91

теңге

 

* Бұл ретте электр плиталарын пайдаланатын тұтынушыларға газдандыруға жатпайтын немесе үй құрылысы жобасында,  кондоминиум объектісінің техникалық паспортында оны газдандыру көзделмеген үйлердің тұрғындары жатады.

Үш деңгейлі тарифтерді қолдану кезінде орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етілмеген үйлердің тұрғындары және орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі жұмыс істемеген бұрын газдандырылған тұрғын үйлердің тұрғындары жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау ұйымдарының және тиісті облыстың  жергілікті атқарушы органдарының мәліметтері бойынша электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар ретінде қарастырылады.

 

Сату тарифіндегі үлес

Авторизация
*
*
*
*
*
Password generation