Ежелгі грек философ Гераклит Эфесский: «Бәрі ағып жатыр, бәрі өзгереді», – деген. Дегенмен, «КЭЦ» ЖШС-де бірінші қазанда бәрі өзгеріссіз қалды – біз өз кәсіпорнымызда ұзақ жылдар бойы еңбек етуге арнаған зейнеткерлерді құттықтау игі дәстүрімізді жалғастырамыз.
Энергетик болу – оңай шаруа емес. Бірақ бұл ғажайып жандар қаншама қиындықтарға қарамастан, қаламыз бен облысымыздың игілігі үшін, әр үйде жарық терезелер жарқырап тұруы үшін еңбек етті.
Бүгін біз оларға «Рахмет!» айтамыз және барша қарттарға шын жүректен зор денсаулық, бақыт және ұзақ ғұмыр тілейміз.
Просмотров:
153