Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде «КЭЦ» ЖШС тұтынушылар тарапынан электр энергиясы үшін уақтылы ақы төлемегендіктен қаржылық жағдайдың нашарлауын болжайды.
«КЭЦ» ЖШС электр энергиясын жеткізушімен жасалған шарттардың талаптары бойынша өз тұтынушыларын үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін, электр энергиясының сатып алынатын көлемі үшін алдын ала төлем жүргізуге міндетті. Берешекті уақытылы төлемеу «КЭЦ» ЖШС-нің қаржылық міндеттемелерін орындауға қауіп төндіреді және Қостанай қаласы мен Қостанай облысына электр энергиясын жеткізуге шектеу енгізу қаупін төндіреді. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін Үкімет электр энергиясын жеткізушінің атына төлемдер және біздің тұтынушыларымызға электр энергиясын тасымалдау бойынша ілеспе міндетті төлемдер бойынша кейінге қалдыруды ұсынбады.
Осыған байланысты, тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді электрмен жабдықтау шартымен белгіленген мерзімде жүргізулеріңізді сұраймыз. Бұл ретте, халықтың қарыз жүктемесін төмендету үшін «КЭЦ» ЖШС 18.03.2020 ж. бастап тұтынушылардың барлық санаттары бойынша төлемді кешіктіргені үшін өсімақы есептеу тоқтатылғанын хабарлаймыз.
Адалдық танытыңыз! Осы экономикалық қиындықтарға біздің елімізде барлығы тап болды.
«КЭЦ» ЖШС
Просмотров:
1 270