«Костанайский ЭнергоЦентр» ЖШС-гі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің Қостанай облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу Департаментіне алдағы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап электр энергиясына шекті бағаның 22,7%-ға көтерілуі туралы ақпарат берді.
Шекті бағаның көтерілуінің негізгі себептері: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу бағасының 18%-ға өсуі және электр энергиясының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтерге тарифтің 73%-ға көтерілуі.
Қоғамдық тыңдаулар 2024 жылғы 12 наурызда сағат 15.00-де Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Курганская көшесі, 8 үй мекен жай бойынша өтеді.
Қоғамдық тыңдаулар, соның ішінде онлайн режимінде «ZOOM» қосымшасы арқылы өтеді. Конференция идентификаторы: 764 1871 2436, Кіру коды: xr7FT4 және Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде өткізіледі.
Просмотров:
650