2020 жылғы 7 сәуірде Қостанай және Ақмола облыстарында таңғы сағат 9-ға жуық ауа райы күрт нашарлады. Қатты боран мен желдің екпіні 37 м/с-қа дейін жетіп, электр желілерінде көптеген ажыратуларға әкеп соқты, оның ішінде «KEGOC»АҚ электр беру желілері өшірілді.
Мәселен, 9 сағат 46 минуттан 18 сағат 59 минутқа дейінгі кезеңде кернеуі 500 кВ алты (6) электр беру желілері, оның ішінде екі (2) Мемлекетаралық желілер Ресейдің энергия жүйесімен байланыстағы және екі (2) габариттері 1150 кВ екі (2) электр беру желілері өшірілді. Кернеуі 500 кВ бес (5) ажыратылған электр беру желілері Қостанай облысын Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесімен байланыстырғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, бір күн ішінде Кернеуі 220 кВ сегіз (8) электр беру желісі өшірілді.
Осы себеппен Қостанай облысының, оның ішінде Қостанай, Рудный және Лисаков қалаларының көптеген тұтынушылары электрмен жабдықтаусыз қалды.
Күрделі ауа райы жағдайлары, сондай-ақ бұрын аймақта жаңбыр мен қар түрінде өткен жауын-шашын, тіпті арнайы көлікте жер үсті айналып өту арқылы зақымдалған әуе желілерінің нақты жағдайын жедел бағалау мүмкіндігін күрделендірді. Осыған қарамастан, алдын ала деректер бойынша компанияның жоғары вольтті желілерінде 42 тіреуіш құлап, кей жерлерде сымдардың көптеген үзіктері бар екені анықталды. Желілердегі нақты жағдайды бағалау бойынша жұмыс жалғасуда.
«Қазіргі уақытта» KEGOC » АҚ күшімен алты 500 кВ электр беру желісінің екеуі және алты 220 кВ желісінің жұмысы қалпына келтірілді. Сондай –ақ 220 кВ Сокол – Заречная – Центральная-Қостанай ӘЖ транзиті қалпына келтірілді. Осылайша, «KEGOC» АҚ желілері бойынша электр энергиясын беру бойынша барлық шектеулер алынып тасталды және Қостанай қаласын электрмен жабдықтауды толық қалпына келтіруге команда берілді.
Апат салдарын жою үшін біз барлық қажетті күштер мен құралдарды жұмылдырдық. Атап айтқанда, 17 авариялық-қалпына келтіру бригадасы, оның ішінде Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының филиалдарынан бригада жұмысқа кіріседі.
Қалыптасқан жағдайда «KEGOC» АҚ аймақтың апаттарынан зардап шеккендерді энергиямен сенімді жабдықтауды жылдам қалпына келтіру үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды», — деп қорытты» KEGOC » АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.
https://www.kegoc.kz/kk/press-centr/press-relizy/kostanay-oblysyn-energiyamen-zhabdyktaudy-kalpyna-keltiru-boyynsha-akparat
Просмотров:
1 235