«Қостанайский ЭнергоЦентр» ЖШС Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу департаментіне электр энергиясына 1 кВт үшін 1,33 теңгеге немесе 7,5 % яғни 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚҚС есепке алғанда 19,76 теңгеден 21,25 теңгеге дейін тарифті көтеру туралы хабарлама берді. Тариф өсуінің негізгі себептері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясын сатып алу және беру құнының ұлғаюы болып табылады, бұл бөлік тариф құрылымындағы 95,3% – ды құрайды. Станциядан электр энергиясын сатып алу құны 3% – ға өсті. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 30-дан астам электр станциялар үшін шекті тарифтерді көтерді. Мұндай ақпарат ведомствоның 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 313 бұйрығынан келіп шығады, 2019 жылғы 1 қазаннан бастап энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына жаңа шекті тарифтер белгіленді. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС көрсететін электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтердің құны 2020 жылдың қаңтарынан бастап 30% – ға өсті. Беруші компаниялардың тарифтері 2020 жылдың қаңтарынан бастап өсті, өсім 2-ден 12% – ға дейін құрады. Электр энергиясына босату бағасы станциялардың шиналарынан электр энергиясының құнын, өңірлік және өңіраралық деңгейдегі желілер бойынша электр энергиясын беру мен таратуға арналған тарифті, сондай-ақ кәсіпорынның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтау үстемесін негізге ала отырып қалыптастырылады. Тариф жобасындағы «КЭЦ» ЖШС-нің жабдықтау үстемесі бұрынғы деңгейде қалады (жабдықтау үстемесіндегі пайда жоқ), ал «КЭЦ» ЖШС-нің тарифтің қалған құрамдастарына әсер ете алмайды. Осылайша, «КЭЦ» ЖШС энергиямен жабдықтау тарифінің артуы станциядан электр энергиясын сатып алу шығындарының өсуімен негізделген. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 313 бұйрығына сәйкес, электр энергиясына жаңа шекті тарифтер бекітілді. 2019 жылғы 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында қабылданған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көрсетілген ескертпесіне байланысты түпкілікті тұтынушы үшін электр тарифі барлық жерде Қазақстан бойынша көтерілді. Тарифті арттыру туралы көпшілік тыңдаулар 2020 жылғы 14 қаңтарда өткізілді. Тарифтер деңгейінің өзгеруі туралы ақпарат заңнама талаптарына сәйкес БАҚ-та орналастырылатын болады және Уәкілетті мемлекеттік органмен келісілгеннен кейін «КЭЦ» ЖШС сайтында орналастырылатын болады.
Просмотров:
1 105